1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымында тарихи құжат — «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның шынайы тәуелсіздікке ұмтылуының заңды негізі болды.

1990 жылы 24 сәуірде КСРО-да ыдырау үдерістерінің күшеюіне байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында елдің үкіметін түбегейлі өзгерту мақсатында «Қазақ КСР Президентінің лауазымын құру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Дәл осы президенттік билік институтының енгізілуі Қазақстанның Кеңес Одағы құрамындағы одақтас республика ретіндегі нақты егемендікке жасаған алғашқы қадамы болды. Сол күні Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Жоғарғы Кеңес сайлаусыз негізде Қазақ КСР Президенті қызметіне сайлады.

Н.А. Назарбаевтың Қазақ КСР президенті ретінде жасаған алғашқы қадамдарының бірі ол «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны құруы болды.

Қазақстанның толық мемлекеттік тәуелсіздігін рәсімдеудің бастаушысы болған құжатты әзірлеу кеңестік империя кеңістігінде билік құрған экономикалық және саяси хаос жағдайында жүрді. Өздеріңіз білетіндей, КСРО Жоғарғы Кеңесінің басшылығы Қазақстанның мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдауына барлық жағынан кедергі келтірді, сондықтан Қазақстан халқы үшін тағдырлы болып табылатын осы саяси-құқықтық құжатты әзірлеу азаматтық батылдықтың актісі болды.

1990 жылғы 16 қазанда, Декларация жарияланғанға дейін он күн бұрын, Қазақ КСР Президенті, Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәжілісіне қатысты. Ол «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның жобасы туралы сөйлеген сөзінде былай деген болатын: «… біз Декларациядан республикадағы ұлттық мемлекеттілік мәселесін ғана емес, сонымен қатар қазақ халқы туралы сөздерді де алып тастағысы келетіндермен келісе алмаймыз. Бізді бұл жағдайКСРО-ның басқа ұлттарымен тең емес жағдайға түсіреді, әрі бұны қазақ халқы дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.Одақтас республикалардың осыған ұқсас декларацияларының кез-келгенін алыңыз — барлық жерде ұлттық мемлекеттілік туралы ереже бар. Бұл тезисті біздің құжаттан тек республика аумағындағы қазақ халқының саны басым емес деген сылтаумен алып тастау саяси тұрғыдан дұрыс емес. Қазақ халқы өзінің бүкіл тарихында интернационализм идеяларын ұстанатынын дәлелдеп, өздеріне деген мұндай көзқарасқа лайық емес еді».

Сол күні он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің II сессиясының кешкі пленарлық отырысында Н.А. Назарбаев Декларацияның қайта қаралған жобасын баптар бойынша қарауға белсенді қатысты.Сырттай дауыс беру процесінде 261 депутат бұл құжатты қолдайтындығын білдіретіндауыс берсе, 18 қарсы, 2 адам қалыс қалды, бір депутат дауыс бермеді. Осылайша дауыс беру нәтижелері бойынша Жоғарғы Кеңес жалпы алғанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдады.Қабылданған Декларация 17 тармақтан тұрды.

Декларация алғаш рет басқа егемен республикалармен ерікті түрде одаққа бірігіп, олармен келісім-шарт негізінде қатынас құратын Қазақ КСР-нің егемен мемлекет мәртебесін жариялады.

Ресей тарихында тұңғыш рет демократиялық құқықтық мемлекет құру ел дамуының мақсаты ретінде жарияланды, сол арқылы азаматтық қоғамның қалыптасуына негіз қаланды. Алғаш рет социалистік мемлекеттің нормативтік заңнамалық актісінде мемлекеттің негізін анықтауға таптық көзқарас болмады және «жұмысшылар», «шаруалар» және «интеллигенция» ұғымдары алынып тасталды.

Декларацияда Қазақстан халқы Қазақ КСР-індегі егемендіктің жалғыз иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі деп жарияланды. Ал өз кезегінде Қазақстан халқына республиканың барлық ұлт азаматтары жатқызылды.

Декларация республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең өмір сүру жағдайларын жасауға ұмтылысты көрсетті, экологиялық қауіптіліктің қайнар көзі болып табылатын объектілердің қызметіне және жұмысына тыйым салатын экологиялық қауіпсіздік қағидаттарын негіздеді.

Декларацияда Қазақ КСР-нің маңызды міндеттерінің бірі — ұлттық мемлекеттілікті қорғаужәне нығайту, төл мәдениетті, дәстүрлерді, тілді жаңғырту мен дамыту және қазақ ұлтының, Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту біріктірілді.

Қазақ КСР-нің аумағы бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып жарияланды және оны оның келісімінсіз пайдалануға болмайды.

Алғаш рет Декларация мемлекеттік биліктің үстемдігін, оның республика ішіндегі тәуелсіздігі мен толықтығын, сондай-ақ сыртқы қатынастарда өзінің аумағында КСРО-ның жоғарғы органдарының республиканың егемендік құқықтарын бұзатын әрекеттерін тоқтату құқығын қамтамасыз етті.

Мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу принципі жарияланды. Қазақ КСР Президенті республиканың басшысы болды және жоғары әкімшілік және атқарушы билікке ие болды. Заң шығарушы билікті Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды, ал жоғарғы сот билігі Қазақ КСР Жоғарғы Сотына тиесілі болды.

Декларацияда алғаш рет конституциялық маңызы бар негізгі мемлекеттік құқықтық нормалар анықталды:

— Қазақ КСР аумағында Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі қағидасы (8-бап);

— республиканың егемендігінің негізін құрайтын және оның аумағында бар барлық ұлттық байлыққа Қазақ КСР-нің ерекше меншігінің принципі (9-бап);

— Қазақ КСР-нің халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету және өзінің мүдделері үшін сыртқы саясатты дербес айқындау құқығы (14-бап).

Декларацияда Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің барлық атрибуттары: оның өз аумағы мен азаматтығы, азаматтық және ұлттық теңдік, республикадағы мемлекеттік биліктің үстемдігі, тәуелсіздігі мен толықтығы, ұлттық Конституция мен заңдардың үстемдігі, меншіктің алуан түрлері, өзінің жеке мемлекеттік бюджеті және қаржы-несие жүйесі,мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарында халықаралық қатынастардың тәуелсіз субъектісінің құқығы, сондай-ақ мемлекеттік егемендік нышандары — елтаңба, ту және әнұран болуы.«Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация Қазақстанды тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде анықтаған қазіргі ұлттық тарихтағы алғашқы конституциялық маңызы бар акт болды. Ол егеменді қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру процесінің басталуын белгіледі және ұлттық заңнаманы құрудың негізі болды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Декларация қағидаттары негізінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Қазақстанда Конституциялық заңның қабылданған күні «Тәуелсіздік күні» ретінде атап өтіледі.

1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңымен бірге 1991 жылғы 16 желтоқсанда жаңа тәуелсіз мемлекеттің конституциялық-құқықтық негізін қалап, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін формальдау жолында іргелі заңнамалық акт болды.Оларда қамтылған негізгі мемлекеттік-құқықтық және қоғамдық-саяси идеялар Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы конституцияларында және республиканың егемен мемлекет мәртебесін жүзеге асыратын заңнамалық актілерінде көрініс тапты.

Демесинова Акшолпан Махмудовна
Әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық университетінің 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., профессор Рүстемов С.К.

Поделиться: